Басты бет / Жаңалықтар /
Энрике Иглесиас
Фото: Enrique Iglesias Press office

Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінен кейін жүрекжарды жазба жариялады

Испания әншісі, продюсер әрі актер Энрике Иглесиас Алматыдағы концертінен кейін Қазақстандағы жанкүйерлеріне жылы лебізін білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әнші 5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өткен концерттен кейін Instagram парақшасында кештен үзінді видеолар жариялады.

«Қазақстан! Сені жақсы көремін! Рақмет, Алматы!» – деп жазды Энрике Иглесиас.

Кейін өнер иесі концерт барысында түсірілген тағы бір видеоны бөлісті. Кадрдан әншінің сахнадан түсіп, көрермендер арасына барғанын көруге болады.

«Қазақстан, мені осылай ыстық ықыласпен қарсы алғандарың және керемет болғандарың үшін тағы да рақмет!» – деп жазды әнші парақшасына.

Желі қолданушылары да Испания жұлдызының жазбасына пікір қалдырып, оны Қазақстанға қайта келуге шақырды.

«Сізді кез келген уақытта күтеміз», «Қазақстанда сізді тағы да көреміз деп үміттенеміз», «Жанкүйеріңізге өте мейірімдісіз» деген секілді жылы пікірлер жазылған.

Ал кейбір жанкүйерлері әншінің еліне аман-есен жеткеніне әзіл пікірлер жазған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Enrique Iglesias (@enriqueiglesias)

Мақала туралы ойыңыз?