Басты бет / Жаңалықтар /
LRT Алматы, БРТ, жол, автобус
Фото: Informburo.kz

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі 15 сағатқа жабылады

Алматыда LRT жобасын іске асыруға байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде қажетті ескерту белгілері орнатылады. Қала әкімдігі жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Жолдағы шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс Карты» қолданбаларында жарияланады.

Мақала туралы ойыңыз?