Басты бет / Жаңалықтар /
стадион
Фото: instagram @akimat_almaty

Алматыда 45 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынып жатыр

Алматыда 45 мың көрерменге арналған заманауи футбол стадионының құрылысы жалғасып жатыр. Жаңа спорт нысаны УЕФА-ның IV санаттағы талаптарына сай болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Стадион Құлжа және Талғар тасжолдарының бойындағы шамамен 32 гектар аумақта салынып жатыр.

Жоба бойынша негізгі футбол аренасынан бөлек, спортшылар мен командаларға арналған бөлмелер, жаттығу алаңы және жанкүйерлер аймағы қарастырылған. Стадионға іргелес аумақты абаттандыру және кешенді көріктендіру жұмыстары жүргізіледі.

Жаңа аренада халықаралық деңгейдегі футбол матчтарын және ірі спорт шараларын өткізуге мүмкіндік болады.

Нысанға қатынайтын көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында стадион айналасындағы жолдар да жаңартылады.

Құрылыс жұмыстарын 2028 жылғы наурызда аяқтау жоспарланып отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

Мақала туралы ойыңыз?