Басты бет / Жаңалықтар /
Доллар теңге валюта ақша
Фото: Matritca.kz

Қазақстанда шетел валютасын сатып алу тәртібі өзгерді

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2026 жылғы 27 тамыздағы №105 қаулысымен валюта операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер 2019 жылғы 30 наурыздағы №40 «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына қатысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Валютаны ірі көлемде сатып алатын компанияларға талап қойылды

27-тармақ өзгертілді.

Резидент заңды тұлға бір жұмыс күні ішінде бір уәкілетті банк арқылы шекті сомадан асатын мөлшерде қолма-қолсыз шетел валютасын сатып алған жағдайда, банк талап ететін қосымша құжаттарды өткізуге тиіс.

Атап айтқанда, валютаны сатып алуға арналған өтінімге:

1) шетел валютасы сатып алынатын валюта шартының көшірмесін;

2) сатып алынған валюта көрсетілген мақсатқа жұмсалмаса, оны қайтадан ұлттық валютаға сату жөнінде уәкілетті банкке тиісті нұсқаулық берілуі қажет.

Бұл талап бойынша компания сатып алған шетел валютасын сатып алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде көрсетілген мақсатқа пайдалануы керек.

Валюта осы мерзімде пайдаланылмаса, Қағидалардың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, компания оны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сатуға тиіс.

Стейблкоинге қатысты жаңа норма

Қағидалардың 26-тармағына жаңа норма қосылды.

Ұлттық банктің арнайы реттеу режиміндегі резидент компания стейблкоиндерді (ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық активтерді) шығару немесе айналымға енгізу қызметін атқарса, оның шетел лицензиясы бар банктер мен қаржы ұйымдарына қолма-қолсыз шетел валютасын аударуы заңды болып саналады.

Бұл аударым экспорт немесе импорт келісімшарттары аясында қолданылған стейблкоиндерді өтеу міндеттемелерін орындау мақсатына жатқызылады.

Мақала туралы ойыңыз?