Басты бет / Жаңалықтар /
Damelya Sweet
Видеодан үзінді

Блогер Damelya Sweet өзінің тойында жарына тосын сый жасады

Блогер Дәмелі мен Мұраттың «Ұмытылмас күн» атауымен өткен үйлену тойы әлжеліде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде өткен салтанатты «Жыл тойы» деп атады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Той барысында Дәмелі жарына ерекше тосынсый жасады. Ол пианинода ойнап отырып, Алла Пугачева орындайтын «Любовь, похожая на сон» әнін орындаған. Күйеу жігіттің бұл сыйлықты күтпегені оның жүзінен байқалған.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, Мұраттың қыздардың арасынан талантты, ақылды әрі көрікті жар таңдағанын жазды.

Әлжеліде олардың неке жүзіктеріне қатысты да пікір көп. Бірқатар қолданушы жүзіктердің Harry Winston брендіне тиесілі екенін жазған. Аталған брендтің мұндай бұйымдарының нарықтағы бағасы 20 мың доллардан басталатыны айтылды.

Желіде жас жұбайларға қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Кей қолданушылар Мұраттың Дәмеліге деген көзқарасынан оның жарына деген сезімін байқағанын жазды.

Посмотреть в Threads

Мақала туралы ойыңыз?