Қазақстанда кейінгі екі айда 200-ден астам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы анықталды. Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы шілде-тамыз айларында 201 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген. Олардың басым бөлігі пара алуға, тонау мен алаяқтыққа, заңсыз әрекеттерге және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалануға қатысты.
110 іс сотқа жіберілді
Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды. 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілді, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Анықталған залалдың жалпы сомасы 3,7 млрд теңге болды.