Басты бет / Жаңалықтар /
Валерий Михайлов
Фото: LITER газеті

Тоқаев жазушыны туған күнінде «Барыс» орденімен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 80 жасқа толып отырған ақын, жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттайтын болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Айта кетейік, Валерий Михайлов 1946 жылғы 7 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Бірінші мамандығы геофизик.  Бірақ, әр жылдары республикалық газеттерде жұмыс істеген. Соның ішінде, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы, 2003 жылдан бері «Простор» журналында бас редакторы болды. Ол бірнеше қазақ жазушысының шығармаларын орыс тілдеріне аударып, орыс тілінде де көп шығарма жазған.  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, — делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Валерий Михайловтың ашаршылық туралы «Ғаламат жұт шежіресі» деректі кітабы ел арасында ең танымал туындыларының бірі.

Мақала туралы ойыңыз?