Басты бет / Жаңалықтар /
өрт сөндіруші, өрт сөндіруші машина
Көрнекі фото. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге 189 адам жұмылдырылды

Қостанай облысының Жітіқара ауданында ауқымды өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

112 пультіне Большевик саяжай кентінің маңындағы ашық аумақта құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өртті сөндіруге 39 техника жұмылдырылды

Өртпен күреске 189 адам мен 39 техника тартылған. Оқиға орнында ТЖМ, «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС, жергілікті атқарушы органдар, полиция, орман шаруашылығы басқармасы және «КМ» АҚ қызметкерлері жұмыс істеген.

Қатты жел мен биік шөп өрттің таралуын күшейтіп, мамандардың жұмысын қиындатқан. Қазір өрт шарпыған аумақтың нақты көлемі анықталып жатыр.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар тарады. Куәгерлердің айтуынша, жалын саяжай қоғамының аумағына дейін жеткен.

Өрт оқшауланды

Кейін ТЖМ Қостанай облысының Жітіқара ауданындағы өрттің оқшауланғанын хабарлады.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай төтенше жағдайлар қызметтерінің бақылауында.

Мақала туралы ойыңыз?