Басты бет / Жаңалықтар /
көкпар
Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Үшінші рет қатарынан: Қазақстан мен Қырғызстан көкпар финалында кездеседі

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан финалға жолдама алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

В тобындағы соңғы кездесуінде қазақстандық көкпаршылар Венгрия құрамасын 9:4 есебімен жеңді. Ұлттық құрама алдын ала кезеңдегі екі матчтың екеуінде де жеңіске жетіп, құрамында Ресей командасы да болған топта бірінші орын алды.

Финалда Қазақстан Қырғызстанмен кездеседі

Шешуші ойында Қазақстан құрамасы А тобында бірінші орын алған Қырғызстан командасымен кездеседі.

Финал 6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Қазақстан мен Қырғызстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында қатарынан үшінші рет кездескелі отыр.

Бұған дейінгі екі финалда да қазақстандық көкпаршылар жеңіске жеткен. Алғашқы кездесуде Қазақстан 4:3 есебімен басым түссе, екінші финалда 5:4 есебімен жеңіске жеткен.

Ойындар 6 қыркүйекте аяқталады

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтіп жатыр. Халықаралық спорт додасы 6 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Мақала туралы ойыңыз?