Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өзінің өндірістік активтерін бір топқа біріктіретін холдиң құрды. Baiuly Capital ЖШС Алматыда тіркеліп, 2026 жылғы маусымнан бастап жұмыс істеп келеді. Жаңа құрылым туралы кәсіпкер бұған дейін, 2025 жылдың соңында айтқан еді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Adata.kz мәліметіне сәйкес, Baiuly Capital бас компаниясының тең құрылтайшысы ретінде Ихтияр Заурбеков көрсетілген. Ол – Алагөзовтің серіктесі.
Екеуінің ортақ активтерінің қатарында Galanz Bottlers және Шымкент сыра зауыты бар.
Ал JFood Kazakhstan компаниясында Тұрсынғали Алагөзов Galanz Bottlers арқылы жанама түрде үлеске ие.
Осылайша, жаңа холдиң кәсіпкердің бірнеше ірі өндірістік активін бір корпоратив құрылымға топтастыруға бағытталған.