Басты бет / Жаңалықтар /
жазғы терраса, кафе, мейрамхана, Абай даңғылы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

«Танысқым келмейді». Алматыда дәмханада қызға тиісіп, су шашқан ер адам ұсталды

Алматыда дәмханада отырған бойжеткенге бейтаныс ер адам тиісіп, оның үстіне су шашып, әдепсіз қылық көрсеткен. Бойжеткен оқиғаға байланысты полицияға арызданған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция қызметкерлері бейнежазбадағы ер адамды анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынды

Полиция мәліметінше, әкімшілік сот ер адамның әрекетін «ұсақ бұзақылық» деп бағалаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция департаменті видеодағы ер адамды тауып, полиция бөлімшесіне әкелді. Әкімшілік сот оның әрекетін «ұсақ бұзақылық» деп бағалап, оны әкімшілік қамауға алды, – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Полицияға арызданған бойжеткен өз құқығын қорғаған қызметкерлерге алғысын білдіріп, бейнеүндеу жариялаған.

Мақала туралы ойыңыз?