Басты бет / Жаңалықтар /
лай су
Фото: Halyqstan арнасынан

Алматыда краннан лай су ақты: «Алматы Су» пікір білдірді

Алматыдағы «Өркендеу» тұрғын үй кешенінің тұрғындары құбырдан таза судың орнына қоңыр әрі қоймалжың сұйық ағып жатқанына шағымданды. Бұл туралы видео Halyqstan Telegram арнасында жарияланған. Кадрларда краннан лайланған судың ағып тұрғанын көруге болады.

Видео авторларының айтуынша, мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Суды ішуге жарамсыз болғандықтан, отбасы бөтелкедегі суды сатып алуға мәжбүр. Олардың сөзінше, жаз мезгілінде ауызсуға 40–50 мың теңгеге дейін шығындалады.

Жағдайға байланысты «Алматы Су» мекемесі пікір білдірді. Компания мамандарының мәліметінше, қалалық су желілері қалыпты жұмыс істеп тұр және санитарлық талаптар сақталған.

«Бұл аудандағы қалалық су желілері мен сумен жабдықтау нысандарында берілетін судың сапасына әсер етуі мүмкін жоспарлы немесе апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген жоқ. Комиссия тексеру нәтижесінде «Алматы су» мамандары аталған тұрғын үй кешеніндегі суық судың сапасынан ауытқулар анықтамады», – деп мәлімдеді «Алматы су».

Комиссия тексеру барысында «Алматы Су» мамандары аталған тұрғын үй кешеніндегі суық судың сапасынан ауытқу анықталмағанын айтты.

Әлеуметтік желіде видеолар жарияланғаннан кейін мамандар тұрғын үй кешеніндегі құбырлардың жағдайын қосымша тексеруге уәде берді.

Мақала туралы ойыңыз?