Басты бет / Жаңалықтар /
блогерлер
Фото: Жасанды интеллект

Бірнеше блогер заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда бірнеше танымал блогер заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбек, әнші әрі актриса Әсел Асқар, блогерлер Аружан Әбіл, Айым Алтынбек және Елдос Қадірхан бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Айыппұл көлемі қанша?

Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында лотерея туралы заңнаманы бұзған 69 аккаунт анықталған. Олардың иелері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-бабы 1-бөлігі — «Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу» бойынша жауапкершілікке тартылған.

Ең жоғары айыппұл «aitoli_aktau» аккаунтына салынған. Ол 525 АЕК, яғни 2 064 300 теңге көлемінде айыппұл арқалаған.

Ал ең төменгі айыппұл мөлшері 50 АЕК немесе 196 600 теңге.

Танымал аккаунттар арасында:

  • Гүлзира Айдарбек — 196 600 теңге;
  • Әсел Асқар — 648 750 теңге;
  • Аружан Әбіл — 648 750 теңге;
  • Елдос Қадірхан — 648 750 теңге;
  • Айым Алтынбек (@Aeka.Posh) — 648 750 теңге.

@aidana_kelin, @elshinzhanerke, @nazzizaru, @saltanat,a,e,official, @nurekengooy_8 аккаунттары да лотерея заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Лотерея заңнамасын бұзған аккаунттардың толық тізімі спорт және туризм министрлігінің сайтында жарияланған.

Лотерея өткізу үшін лицензия қажет

Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Қазақстанда лотерея өткізу үшін арнайы лицензия қажет екенін айтқан.

Заңсыз лотерея ұйымдастырып жүрген блогерлердің әрекеті келтірілген шығын көлеміне қарай тексерілетіні хабарланған.

Еске сала кетейік, 27 сәуірде заңсыз лотерея ұйымдастырды деген айыппен блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова да сотталған еді.

Мақала туралы ойыңыз?