Басты бет / Жаңалықтар /
картоп, сәбіз, пияз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Пияз, сәбіз, картоп: Қазақстанда қай азық-түлік арзандады?

Қазақстанда жаздың соңғы аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір апта ішінде пияздың бағасы 7,2%-ға, сәбіз 4,6%-ға, картоп 3,2%-ға, ақ қырыққабат 3,1%-ға, алма 1%-ға төмендеген.

Қай қалада азық-түлік арзандады?

Өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір аптада Жезқазғанда 0,4%-ға, Қостанайда 0,2%-ға, Ақтау мен Қарағандыда 0,1%-ға төмендеген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 166 теңге болған. Ең арзан пияз Түркістанда сатылған – бір келісі 135 теңге. Сәбіздің республика бойынша орташа бағасы 238 теңге. Ең төмен баға Павлодарда тіркелген, онда сәбіздің келісі 155 теңге болған.

Картоптың ең төмен бағасы қайда?

Қазақстанда картоптың орташа бағасы килограмына 234 теңге болды.

Ең арзан картоп Павлодар мен Қостанайда тіркелген.

Мақала туралы ойыңыз?