Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірінде 24 қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ҰҚК мәліметінше, бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде қылмыстық топтардың жетекшілері қолға түскен.
Заңсыз кіріс көздері анықталды
Арнайы операция барысында шекара маңындағы аумақтарда, сонымен қатар өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастыруға байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылған.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ҰҚК.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.