Алматы облысының жаңа әкімі Шыңғыс Әрінов болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бүгін таңертең Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босап қалған еді.
Мемлекет басшысының жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, Шыңғыс Әрінов бұған дейін төтенше жағдайлар министрі болған.