Басты бет / Жаңалықтар /
оқушы, мектеп, сабақ
Фото: Нұрназар Әмзе

Мектеп оқушысын «туфли кимегені үшін» сабаққа кіргізбей қойған

Оқушыны ауыстыратын аяқ киімі туфли болмағаны үшін мектепке кіргізбеген. Баланың анасының айтуынша, мектеп әкімшілігі оған аяқ киімге қатысты талапты түсіндірген, алайда көрсетілген бұйрықта «туфли кию керек» деген нақты талап болмаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Анасының сөзіне қарағанда, бүгін баласы мектепке ауыстыратын аяқ киім ретінде қою көк түсті кроссовка алып барған. Оның айтуынша, аяқ киім спорттық үлгіде болмаған. Алайда мектеп қызметкерлері баланы аяқ киімі туфли болмағандықтан сабаққа кіргізбеген.

Осыдан кейін анасы мектепке барып, аталған талаптың қандай құжатқа негізделгенін сұраған. Ол мектептен тиісті бұйрықты көрсетуді талап еткен.

Анасының айтуынша, құжатта аяқ киімнің міндетті түрде туфли болуы керектігі жазылмаған. Бұйрықта киімнің түсі мен ұсынылатын киім үлгісі көрсетілген. Оның сөзінше, баласы осы талаптарға сай киінген.

Бұйрықта туфли туралы бір ауыз сөз жоқ. Онда түстері және киім үлгісі көрсетілген. Балам да дәл сол талапқа сай киінген, — деп жазды анасы.

Ол мектептен болған жағдайға қатысты түсініктеме беруді сұрағаннан кейін, мектеп тарапынан кешірім сұрала бастағанын жеткізді.

Алайда ата-ана кешірімнің баланың алдында айтылуы керектігін атап өтті.

Кешірімді ойдан шығарылған талаптарға бола сабаққа кіре алмаған баладан сұрау керек, — деп жазды ол.

Мақала туралы ойыңыз?