Басты бет / Жаңалықтар /
Азық-түлік, банан
Фото: Ерқанат Аманкел

Ет, сүт, жеміс-жидек: Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 5-6 қыркүйек күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, жәрмеңкеде Қазақстанның әр өңірінен келген фермерлер мен отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті тиімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеде қандай өнімдер сатылады?

Сауда сөрелерінен көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да азық-түлік түрлерін табуға болады.

Өнімдерді жергілікті фермерлер мен өндірушілер тікелей ұсынады.

Жәрмеңке қайда өтеді?

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 5-6 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығының аумағында өтеді.

Жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобустары қатынайды.

Мақала туралы ойыңыз?