Басты бет / Жаңалықтар /
Марат Сұлтанғазиев
Марат Сұлтанғазиев. Фото: Primeminister.kz

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен кетті

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан кетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Ақорда.

Әзірге облыстың жаңа әкімі кім болатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ. 4 қыркүйекте өтетін депутаттар жиынында жаңа кандидатураға келісім беру мәселесі қаралады.

Айта кетейік, облыс әкімінің ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат Алматы облыстық мәслихатының 3 қыркүйекте жариялаған хабарламасынан белгілі болды.

Мақала туралы ойыңыз?