Басты бет / Жаңалықтар /
Килиан Мбаппе
Фото Getty Images

Францияда Килиан Мбаппені ұрламақ болған қылмыстық топтың жоспары әшкереленді

Францияның құқық қорғау органдары Мадридтің «Реал» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппені ұрлауды жоспарлаған қылмыстық топтың жоспарын әшкереледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Le Parisien басылымының мәліметінше, бұған дейін француз полициясы сағат шеберіне шабуыл жасау ісі бойынша 18 жастағы жігітті ұстаған. Тергеу барысында оның бұдан да ауыр қылмыстарды жоспарлаған топқа қатысы бар екені анықталған.

Мбаппе қылмыстық топтың нысанасында болған

Тергеу мәліметінше, ұсталған азамат танымал адамдарды ұрлауды жоспарлаған қылмыстық топтың мүшесі болған. Болжамды құрбандар қатарында Килиан Мбаппе де болған.

Клеман есімді күдікті қамауға алынып, жеке камераға орналастырылды. Ал оның болжамды сыбайласы сот бақылауымен босатылған.

Күдікті бұрын да сотталған

Версаль прокуратурасының мәліметінше, күдікті бұған дейін ауыр қылмыстар үшін түрмеде отырған.

Бұл жас жігіт бұған дейін де ауыр қылмыстары үшін түрмеде отырған, енді танымал рэпер мен футболшыға қатысты жаңа іске қатысы бар. Оның ретсіз әрі қылмыстық өмір салтын ұстанатынын ескерсек, болып жатқан жағдайдың мәнін түсінуіне тек жеке камерада ұстау ықпал етуі мүмкін, – деп мәлімдеді прокуратура.

Мақала туралы ойыңыз?