3 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3 болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 16:02-де, Гринвич уақыты бойынша 11:02-де болған.
Жер сілкінісінің ошағы 42,27 градус солтүстік ендік және 80,28 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан.
Жерасты дүмпуінің магнитудасы mb=4,3, энергетикалық класы K=9,7 болды.
Әзірге жер сілкінісінің салдары мен зардап шеккендер туралы ақпарат берілген жоқ.
