Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әкімдіктің мәліметінше, инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстарына байланысты жолдың екі учаскесі жабылады.
Қозғалыс қай уақытта шектеледі?
- 3 қыркүйек сағат 22:00-ден 4 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Аносов көшесінен Бруно көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық жабылады.
- Ал 4 қыркүйек сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Аносов көшесінің Төле би көшесінен Артем көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтатылады.

Жүргізушілерге ескерту
Жөндеу жүргізілетін учаскелерде тиісті ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралды.
Көлік қозғалысына қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс Карты» қолданбаларында жарияланады.
