2012 жылы Павлодар қаласындағы саяжай алқаптарының бірінен зорлық белгілері бар егде жастағы әйел мәйіті табылған. Аталған қылмыс көп уақыт бойы ашылмаған қылмыстар қатарында болды. Дегенмен адам өлтіруге қатысы бар тұлғаны анықтау бойынша жұмыс тоқтаған жоқ. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Прокурорлар мен жедел-тергеу тобының жүйелі жұмысы әрі заманауи криминалистикалық сараптама нәтижесінде күдіктінің аты-жөні анықталды.
Күдікті – Павлодар облысы Успен ауданының 62 жастағы тумасы.
Прокуратураның нұсқауы бойынша жүргізілген кешенді сот сараптамалары, тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық іске қажет дәлелдер жиналған.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сотталушының әрекетіне түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.
