Басты бет / Жаңалықтар /
Марат Сұлтанғазиев
Марат Сұлтанғазиев. Фото: Primeminister.kz/

Алматы облысы әкімі ауысуы мүмкін: депутаттар жиыны 4 қыркүйекке белгіленді

Алматы облысында әкім ауысуы мүмкін. Қазір өңірді Марат Сұлтанғазы басқарып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Облыс әкімінің ауысуы туралы ақпарат Алматы облыстық мәслихатының 3 қыркүйекте жариялаған хабарламасынан белгілі болды.

Мәслихат хабарламасында Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттарының жиыны 4 қыркүйекте өтетіні айтылған.

Жиын сағат 10:00-де Қонаев қаласында, Жамбыл көшесі, 13/1 мекенжайындағы Мәдениет үйінде өтеді.

Бұл рәсім Президенттің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 жарлығымен бекітілген әкімдерді тағайындауға мәслихат депутаттарының келісім беру тәртібіне сәйкес ұйымдастырылмақ.

Қазіргі әкім Марат Сұлтанғазы Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалған.

Әзірге облыстың жаңа әкімі кім болатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ. 4 қыркүйекте өтетін депутаттар жиынында жаңа кандидатураға келісім беру мәселесі қаралады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook