Басты бет / Жаңалықтар /
жол, көше, Алматы
Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

3 қыркүйек сағат 23:00-ден 4 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Өтеген батыр көшесінен Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық жабылады.

Бұл уақытта жолдың жоғарғы асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Жүргізушілерге ескерту

Жөндеу жүргізілетін учаскеде тиісті ескерту белгілері орнатылады. Жұмыс мерзімі ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Алматы әкімдігі жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұрады.

Көлік қозғалысына қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс Карты» қолданбаларында жарияланады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok