Басты бет / Жаңалықтар /
Саясат Нұрбек
Фото: gov.kz

Саясат Нұрбек ғылым министрі ретінде қайта тағайындалды

Саясат Нұрбек ҚР ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда.

Құрылтайдың салалық комитеті ҚР ғылым және жоғары білім министрінің кандидатурасына келісім берді.

Қазақстан Республикасы құрылтайының цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындау үшін Саясат Нұрбектің кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook