Басты бет / Жаңалықтар /
Асқарбек Ертаев
Фото: Үкімет

Қазақстанның еңбек министрі ауыспайтын болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ретінде Асқарбек Ертаев қайта тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлады Ақорда.

Құрылтай оның кандидатурасына келісім берген.

Қазақстан Республикасы құрылтайының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындау үшін Асқарбек Ертаевтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды. Комитет отырысының нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok