Басты бет / Жаңалықтар /
Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров. Фото: Primeminister.kz

Әлібек Қуантыров экология министрлігін басқаратын болды

ҚР құрылтайының аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті Әлібек Қуантыровтың экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалуына келісім берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кейін мемлекет басшысы оның жаңа қызметке тағайындалуы туралы жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлады Ақорда.

Айта кетейік, бұған дейін Әлібек Қуантыров 2022 жылы Қазақстанның ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. Ол бұл қызметті 2024 жылға дейін атқарды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram