Басты бет / Жаңалықтар /
Ақмарал Әлназарова
Ақмарал Әлназарова. Фото: Сенат

Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болды

Ақмарал Әлназарова ҚР денсаулық сақтау министрі ретінде жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда.

Бүгін құрылтайдың салалық комитеті денсаулық сақтау министрінің кандидатурасына келісім берді.

Қазақстан Республикасы құрылтайының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Ақмарал Әлназарованың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды. комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram