Басты бет / Жаңалықтар /
Арман Қырықбаев
Фото: Ақорда

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Арман Қырықбаев ҚР мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады, — деп хабарлайды Ақорда.

Құрылтайдың салалық комитеті мәдениет және ақпарат министрінің кандидатурасына келісім берді. Кейін Ақорда бұл қызметке Арман Қырықбаевты тағайындады.

Қазақстан Республикасы құрылтайының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындау үшін Арман Қырықбаевтың кандидатурасы келісілді, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.

Арман Қырықбаев туралы

Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Астанада дүниеге келген.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Ал 2000-2002 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында білім алып, халықаралық экономист мамандығын алған.

  • 1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі;
  • 1997-1999 жылдары – Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің атташесі;
  • 1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы;
  • 2002 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері комитетінің екінші хатшысы;
  • 2002-2004 жылдары – «ABE Corporation» ЖАҚ стратегия және маркетинг департаментінің директоры;
  • 2004-2005 жылдары – «К-МАРТ» ЖШС бас директоры;
  • 2005 жылы – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары;
  • 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры;
  • 2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры;
  • 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы;
  • 2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
  • 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
  • 2014-2015 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі;
  • 2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • 2019-2022 жылдары – «Nur Otan» партиясының хатшысы;
  • 2022-2024 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
  • 2024 жылғы 9 наурыз – 2025 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
  • 2025 жылғы 24 ақпаннан бері – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook