Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйға алған тазысына «Ғарышкер» деп ат қойған. Әнші бұл туралы бүгін алғаш рет аталып өтіп жатқан Қазақы тазы күніне орай жазды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекет басшысының тазыларымен бірге түскен суретін жариялаған.
Мына суретте менің қасымда мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары тұр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым, – деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгін – Қазақы тазы мен төбеті күні
Айта кетейік, Қазақстанда биыл алғаш рет Қазақы тазы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр.
Бұл күн қазақтың дәстүрлі ит тұқымдарын сақтау, көбейту және ұлттық мұраны дәріптеу мақсатында белгіленген.
