Арман Шаққалиев ҚР сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды, — делінген Ақорда хабарламасында.
Құрылтайдың салалық комитеті оның кандидатурасына келісім берген.
Қазақстан Республикасы құрылтайының экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің отырысында ҚР сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Арман Шаққалиевтің кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.
