Жұлдыз Сүлейменова ҚР оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды, — делінген Ақорда хабарламасында.
Оның кандидатурасына құрылтайдың салалық комитеті келісім берген.
Қазақстан Республикасы құрылтайының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау үшін Жұлдыз Сүлейменованың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.
