Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорда хабарламасында.
Құрылтайдың салалық комитеті ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрінің кандидатурасына келісім берген.
Қазақстан Республикасы құрылтайының экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындау үшін Ерсайын Нағаспаевтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.
