Қанат Бозымбаев ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорда хабарламасында.
Құрылтайдың өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін Қанат Бозымбаевтың кандидатурасы келісім берді.
Бұл мәселе «ҚР құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды. Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.
