Басты бет / Жаңалықтар /
Серік Жұманғарин
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Серік Жұманғарин өз орнын сақтап қалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Жұманғарин премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.

Ақорданың тағайындауынан бұрын Құрылтайдың салалық комитеті премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берген болатын.

ҚР құрылтайының қаржы және бюджет комитеті ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындау үшін Серік Жұманғариннің кандидатурасына келісім берді.  Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.

Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok