Басты бет / Жаңалықтар /
Нұрлыбек Нәлібаев
Нұрлыбек Нәлібаев. Фото: Primeminister.kz

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Құрылтайдың өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасына келісім берді.

Қазақстан Республикасы құрылтайының өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындау үшін Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.

Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok