Басты бет / Жаңалықтар /
Жаслан Мәдиев
Фото: Үкімет

Жаслан Мәдиев вице-премьер әрі министр болды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Мәдиев қайта тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды, — делінген Ақорда хабарлдамасында.

Оның кандидатурасына құрылтайдың цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті келісім берген болатын.

Қазақстан Республикасы құрылтайының цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындау үшін Жаслан Мәдиевтің кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды, — деп хабарлайды құрылтайдың баспасөз қызметі.

Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok