Басты бет / Жаңалықтар /
Дәурен Қосанов
Фото: Қорғаныс министрлігі

Дәурен Қосанов қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

Дәурен Жұматайұлы Қосанов ҚР қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Дәурен Қосанов кім?

Дәурен Қосанов – авиация генерал-лейтенанты. Ол әскери қызметін Үшаралдағы истребительдік полкте бастап, кейін Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі, Қарағанды авиация базасының штаб бастығы және Шымкент авиация базасының командирі қызметтерін атқарған.

2013-2019 жылдары Қазақстан Республикасы қарулы күштері әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болды.

2019-2022 жылдары Ақтөбе қаласындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын басқарды.

2022 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымға дейін қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштердің әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды.

Білімі мен марапаттары

Дәурен Қосанов 1990 жылы Армавир жоғары әскери ұшқыштар авиациялық училищесін, 2005 жылы Ю. Гагарин атындағы әуе күштері әскери академиясын, 2013 жылы Ресей қарулы күштері бас штабының әскери академиясын тәмамдаған.

Ол «Айбын» орденінің II дәрежесімен, сонымен қатар «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» I, II және III дәрежелі медальдарымен марапатталған.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook