Басты бет / Жаңалықтар /
полиция
Видеодан үзінді

«Газ баллонын жарып жіберемін». Шахтинскіде 35 тұрғын эвакуацияланды

2 қыркүйекте полицияға Шахтинск қаласындағы К. Маркс көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтерде тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері барған. Тексеру барысында пәтердегі 33 жастағы ер адамның газ баллонын жарып жіберетінін айтып, қорқытқаны анықталды.

Ықтимал қауіптің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер подъездегі 35 адамды эвакуациялады. Қызметкерлер жағдайды тұрақтандыру үшін қажет шаралардың барлығын қабылдаған.

Полицияның түсіндіру жұмыстарынан кейін ер адам пәтер есігін ашқан. Оның мас күйде болғаны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Пәтерді тексеру кезінде газдың иісі сезілмеген.

Ер адамға қатысты әкімшілік іс жүргізу басталды. Тексеру аяқталғанға дейін ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Жиналған материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook