Қазақстан футболшысы Дастан Сәтбай Англия чемпионаты – Чемпионшиптің төртінші турында «Бернли» мен «Мидлсбро» арасындағы кездесудің үздік ойыншысы атанды. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Дастан Сәтбай «Бернли» сапында алаңға негізгі құрамда шықты. Ол 80-минутта алаңнан ауыстырылған кезде жанкүйерлер Қазақстан футболшысын қошеметпен шығарып салды. Ойын аяқталғаннан кейін Дастан Сәтбайға матч ұйымдастырушылары үздік ойыншы жүлдесін табыстады.
Бұл кездесу 18 жастағы футболшының «Бернли» сапындағы төртінші матчы болды. Оның үшеуінде Дастан Сәтбай негізгі құрамда өнер көрсетті. Әзірге Қазақстан шабуылшысы гол немесе нәтижелі пасымен көзге түскен жоқ.
Чемпионшиптің төрт турынан кейін «Бернли» турнир кестесінде 23-орында тұр.
Команда келесі матчын 5 қыркүйекте «Бристоль Ситиге» қарсы өткізеді.
