3 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы көтеріледі. Әсіресе оңтүстік пен батыста күн жылы болады. Ал солтүстік пен шығыста салыстырмалы түрде күн салқындайды. Бұл туралы «Қазгидромет» мәліметіне сүйеніп, Baribar.kz хабарлап отыр.
Астана: күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Алматы: күн құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.
Шымкент: жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде 14-16, күндіз 28-30 градус жылы.
Түркістан: жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде 14-16, күндіз 28-30 градус жылы.
Қонаев: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.
Талдықорған: жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Түнде 1-3, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Қызылорда: күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады, екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді. Түнде 12-14, күндіз 26-28 градус жылы.
Тараз: жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде 8-10, күндіз 24-26 градус жылы.
Ақтау: жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы.
Атырау: күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде 12-14, күндіз 29-31 градус жылы болады.
Орал: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Түнде 10-12, күндіз 28-30 градус жылы.
Ақтөбе: бұлт аз, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 4-9 м/с жел соғады. Түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.
Қарағанды: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы.
Жезқазған: жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы.
Қостанай: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы.
Көкшетау: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы.
Петропавл: жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде 5-7, күндіз 19-21 градус жылы.
Павлодар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде 3-5, күндіз 19-21 градус жылы.
Семей: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысатын 4-9 м/с жел соғады. Түнде 0-2, күндіз 16-18 градус жылы.
Өскемен: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Түнде оның жылдамдығы 1-6, күндіз 5-10 м/с болады. Түнде 1-3, күндіз 15-17 градус жылы.
