Жамбыл облысының Құлан ауылындағы орталық аудандық ауруханада қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге 60 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Облыстық соттың мәліметінше, ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Т. Рысқұлов аудандық соты қараған.
Ауруханада жанжал шығарған
Сот мәліметінше, 2026 жылғы тамызда сағат 15:30 шамасында Құлан ауылындағы орталық аудандық ауруханада азаматша С. жәбірленушіге дөрекі және балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оның әрекеті науқастар мен ауруханаға келген адамдардың тыныштығына кедергі келтірген.
Құқық бұзушы кінәсін ішінара мойындады. Ол жанжал кезінде дөрекі сөйлегенін, алайда әдепсіз сөздер қолданбағанын айтқан.
Сот айыппұлды 30%-ға азайтты
Сот әйелдің кәмелетке толмаған балалары барын, материалдық жағдайын және істі ауырлататын мән-жайлардың болмағанын ескерді. Осыған байланысты айыппұл мөлшері 30%-ға қысқартылды.
Сот қаулысымен әйел кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
