Басты бет / Жаңалықтар /
аударыспақ
Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтындар түсті

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалда Қырғызстан спортшысын жеңіп, жарыс чемпионы атанды.

Ал 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан шешуші белдесуде қырғызстандық қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы алтын жүлделері.

Аударыспақпен 11 мыңнан астам адам айналысады

Аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорт түрі. Қазір Қазақстанда аударыспақпен 11,5 мыңнан астам адам тұрақты түрде шұғылданады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook