Басты бет / Жаңалықтар /
пәтер жалдау, квартира, экономика, тұрғын үй
Фото: ЖИ

Елде пәтер жалдау 20–30%-ға қымбаттады: тек бір қалада ғана арзандаған

Қазақстанда пәтерді жалға алу бағасы кейінгі бір айда айтарлықтай қымбаттады. 28 шілде мен 31 тамыз аралығында бір бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы орта есеппен 11%-ға, екі бөлмелі пәтерлер 13%-ға, ал үш бөлмелі пәтерлер 10%-ға өскен. Баға тек Алматы мен Астанада ғана емес, басқа қалаларда да өскен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бәрінен бұрын екі бөлмелі пәтер бағасы қымбат

Krisha.kz деректері бойынша, екі бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы зерттеуге алынған 19 қаланың барлығында өскен. Ең жоғары өсім мына қалаларда тіркелді:

  • Қарағандыда – 26%, 230 мың теңгеге дейін;
  • Қостанайда – 25%, 250 мың теңгеге дейін;
  • Павлодарда – 25%, 250 мың теңгеге дейін;
  • Оралда – 20%, 180 мың теңгеге дейін;
  • Алматы мен Астанада – 16,7%, 350 мың теңгеге дейін.

Салыстыру үшін, бір бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы орта есеппен 11%-ға, үш бөлмелі пәтерлер 10%-ға қымбаттаған.

Астана пәтер жалдау бойынша Алматымен теңесті

Шілде айының соңында Астана алғаш рет бір және үш бөлмелі пәтерлердің жалдау бағасы бойынша Алматыдан озған.

Тамызда елорда бір бөлмелі пәтерлерге сұраныс өте көп болған. Астанада мұндай пәтердің орташа жалдау ақысы 250 мың теңге, ал Алматыда 230 мың теңге болды.

Ал үш бөлмелі пәтерлер бойынша Алматы Астанаға жетті. Шілде айының соңында екі қаланың арасында 100 мың теңге айырмашылық болған: Алматыда – 400 мың, Астанада – 500 мың теңге. Қазір екі қалада да үш бөлмелі пәтерді жалдау ақысы 500 мың теңге.

Екі бөлмелі пәтерлер бойынша да жағдай осындай. Шілдеде Алматыда жалдау ақысы 300 мың теңге, Астанада 350 мың теңге болған. Қазір екі қалада да баға 350 мың теңгеге жетті.

Осылайша, Астана бір бөлмелі пәтерлерді жалға алу бойынша ең қымбат қала болып қалды, ал екі және үш бөлмелі пәтерлердің бағасы Алматы мен Астанада теңесті.

Қай қалаларда жалдау ақысы 20–30%-ға өсті?

Кейбір қалаларда пәтердің жекелеген санаттары бір айдың ішінде бірден төрттен бірге жуық қымбаттаған.

  • Павлодарда бір бөлмелі пәтерлер бағасы 28,6%-ға өсіп, 140 мыңнан 180 мың теңгеге жетті.
  • Көкшетауда үш бөлмелі пәтерлер 30%-ға қымбаттап, 200 мыңнан 260 мың теңгеге дейін өсті.
  • Қарағандыда бір бөлмелі пәтерлер шамамен 20%-ға, үш бөлмелі пәтерлер 22%-ға қымбаттады.
  • Қостанайда бір бөлмелі пәтерлер бағасы 20%-ға өсті.

Тек бір қалада арзандаған

Жалпы өсім аясында Қонаев қаласы ерекшеленіп отыр.

Мұнда бір бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы 150 мыңнан 140 мың теңгеге дейін төмендеген. Екі бөлмелі пәтерлер 3%-ға қымбаттаған, ал үш бөлмелі пәтерлердің бағасы өзгермеген.

Тәулікке жалдау бағасы да өсті

Бір ай ішінде Алматыда екі бөлмелі пәтерді тәулігіне жалға алу құны 22 мыңнан 23 мың теңгеге дейін өскен. Бұл – 4,5%-дық өсім.

Астанада тәулікке жалдау бағасы өзгермеген.

Тағы оқыңыз:

Пәтерді жалға алу шартына қол қоймас бұрын нені ескеру керек? Заң не дейді?

Пәтер жалдамас бұрын нені ескеру керек? Құжат тексеруден бөлек маңызды 8 кеңес

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram