«Маңғыстау – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында бойжеткенге тиісті деген күдікпен 69 жастағы ер адам ұсталды. Оқиға Қызылорда станциясында тіркелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бойжеткеннің айтуынша, пойызда бейтаныс ер адам оның тізесінен ұстаған. Осыдан кейін көліктегі полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстаған.
Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Қызылорда қаласының 69 жастағы тұрғыны полиция бөліміне жеткізілген.
Ол ұсақ бұзақылық жасағаны және түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.
Тыныштықты бұзғаны үшін ер адамға айыппұл салынды. Ал ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар соттың қарауына жолданды.
