Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы әуежайы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматы әуежайына қай жолақпен кіруге және шығуға болады?

Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар мен келушілерге әуежай аумағындағы көлік қозғалысын ұйымдастыруға қатысты өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әуежай аркасын реконструкциялау жұмыстары аяқталуына байланысты Майлин көшесі жағындағы негізгі кіреберіс енді кіру және шығу үшін екі бағытта да ашық.

Әуежайға кіріп-шығатын жолақ саны өзгерді

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Майлин көшесі жағынан вокзал маңы аумағына кіру және одан шығу үшін барлығы 11 жолақ қолжетімді.

Оның ішінде:

  • төрт жолақ – кіруге;
  • жеті жолақ – шығуға арналған.

Сонымен қатар «Ақсұңқар» қонақүйі маңындағы екі кіреберіс енді тек екінші қабатқа, T1 және T2 терминалдарының ұшу аймақтарына өту үшін пайдаланылады.

Автотұраққа қатысты өзгеріс

Жабық автотұрақ кешенін пайдаланушылар үшін Закарпатская көшесіне тікелей шығу жолы қарастырылған. Әуежай жолаушылар мен қонақтарға сапар бағытын алдын ала жоспарлау кезінде жаңа қозғалыс сызбасын ескеріп, аумақтағы жол белгілеріне назар аударуды ұсынды.

Әуежайдың мәліметінше, жаңартылған қозғалыс сызбасы көлік ағынын тиімдірек бөлуге және терминалдар мен автотұрақ инфрақұрылымына қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram