Басты бет / Жаңалықтар /
жедел жәрдем, коронавирус
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/ Baribar.kz

Жетісу облысында 2 көлік соқтығысып, 6 адам қаза болды

Жетісу облысында Chevrolet Cobalt маркалы екі көлік соқтығысып, алты адам қаза болды. Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, жол апаты Сарыөзек – Көктал автожолының 110-шақырымында болған.

Көліктердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt көліктерінің бірінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, екінші автокөлікпен соқтығысқан.

Алты адам оқиға орнында қаза болды, тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, – деп мәлімдеді полиция.

Қылмыстық іс қозғалды

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok