Басты бет / Жаңалықтар /
дәріхана, дәрі, коронавирус
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыдағы фармацевт әйел Ақтөбеге заңсыз дәрі жөнелтіп, қылмыстық топ құрған

Алматыдағы дәріханалардың бірінде фармацевт болып жұмыс істейтін әйел аса күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан. Ол өз қызметін пайдаланып, дәрілерді Ақтөбе облысына жөнелтіп отырған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қылмыстық топтың операторы, ораушысы және «закладчиктері» болған

Полицияның мәліметінше, күдікті Алматыдағы дәріханадан есірткі тектес дәрілерді заңсыз алып, көлік арқылы Ақтөбе облысына жіберген. Ол бұл үшін тұтастай қылмыстық топ құрған.

Алматыда жұмыс істейтін фармацевт әйел өзінің заңды қызметін пайдалана отырып, күшті әсер ететін заттардың ірі көлемдегі партияларын Ақтөбе облысына жөнелтіп отырған. Тұтастай бір қылмыстық топтың өз операторы, ораушысы және есірткіні тығып кететін «закладчиктері» болған. Полиция мыңнан астам дәріні тәркіледі, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі Үмітбек Фархадов.

Жаза күшейді

Ведомство мәліметінше, биылдан бастап күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан адамдарға қатысты жаза күшейтілген.

Мұндай қылмыс жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram