Синоптиктер Қазақстан бойынша 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді, Қызылордада шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік пен орталықта үсік жүреді.
Солтүстікте үсік, шығыста жаңбыр
Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +1…+3°C, күндіз +12…+14°C болады. Топырақ бетінде 1°C-қа дейін үсік жүреді.
Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі, түнде екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде −1…−3°C, күндіз +14…+16°C.
Көкшетауда түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C болады. Топырақ бетінде 1°C-қа дейін үсік жүреді.
Павлодарда түнде және таңертең тұман түсіп, топырақ бетінде 1°C-қа дейін үсік болуы мүмкін. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C.
Петропавлда түнде ауа температурасы 0…+2°C, күндіз +16…+18°C болады. Топырақ бетінде 3°C-қа дейін үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстанда да күн салқын болады. Семейде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C.
Өскеменде таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C.
Оңтүстікте +30 градусқа дейін жылы болады
Алматыда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +11…+13°C, күндіз +20…+22°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы +14…+16°C-тан +28…+30°C-қа дейін көтеріледі.
Атырауда күндіз +28…+30°C, Ақтауда +26…+28°C болады. Ақтөбеде ауа температурасы +27…+29°C-қа дейін жетеді.
Түркістанда күндіз +28…+30°C болады, екпінді жел соғады. Таразда күндіз +23…+25°C, Оралда +27…+29°C күтіледі.
Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C болады.
Жезқазғанда түнде +3…+5°C, күндіз +20…+22°C, Қостанайда +3…+5°C-тан +20…+22°C-қа дейін жылы болады.
Ал Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түсіп, жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+5°C, күндіз +20…+22°C.
